Зульфия Раухатовна Габидуллина – қазақстандық спортшы, жүзу бойынша халқаралық класстағы Қазақстан Республикасының спорт шебері.
1965 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1971 жылы жол апатына ұшырап, омыртқабас, қол және аяқ жарақатын алған.
2013-2015 жылдардағы әлем чемпионаттарының күміс және 3 мәрте қола жүлдегері, Бүкіләлемдік ойындардың бернеше мәрте жеңімпазы, әлемнің 12-мәрте рекордсмені.
Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиялық жазғы ойындарда 100 метр қашықтыққа еркін стильмен жүзуден Қазақстанға алғашқы алтын медалді әкелді.
Спортпен 1990 жылдан бастап шұғылдана бастады. 1991 жылы алғаш рет өткен президент сыйлығына мүгедек арбасымен жарысудан додаға қатысты. Ал 2007 жылдан бастап жүзумен кәсіби түрде айналыса бастады.
Зульфия Габидуллина бірнеше әлемдік рейтингтер бойынша ғаламшардың ең мықты сегіз жүзгіштерінің қатарында.
Қазақстандық спортшы алтын медалді тек әлемдік қана емес, паралимпиялық рекорд — 1:30.07 (әуелгі әлемдік рекорд та оған тиесілі болған — 1:34.86) қойып, жеңіп алды.
Бүгінгі күні 156 медаль және 200 грамота мен дипломның иегері болып табылады.