Бердібек Сапарбаев Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды

0 19

Бердібек Сапарбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды,- деп хабарлайды «ZhambylNews»  АА Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Бердібек  Сапарбаевты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын.

Бұған дейін Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті. Онда депутаттар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындау үшін Бердібек Сапарбаевтың кандидатурасына келісім берді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Кандидатураны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев ұсынып, Б. Сапарбаевтың мол тәжірибесі мен кәсіби біліктігін атап өтті. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына Бердібек Машбекұлы Сапарбаевты тағайындау үшін ұсынылды.

Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі. *** Бердібек Мәшбекұлы САПАРБАЕВ 1953 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылының тумасы, білімі жоғары. 1977 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысынан бастады (1969-1971 жылдары); әскери қызметін өткерді (1971-1973 жылдары). Институтты бітірісімен Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары (гострудсберкассы) басқармасында экономист (1977); ҚазКСР Қаржыминінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары (1977-1988 жылдары); жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, Бас экономика басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары (1988-1993 жылдары); Президент Аппараты бөлімі мен Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті меңгерушісінің орынбасары (1993); Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің Істер басқармасының Қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі (1994-1995 жылдары) болды. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Аппаратының басшысы (1995); Қызылорда облысының әкімі (1995-1999 жылдары); Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі (1999-2002 жылдары) қызметтерін атқарды; Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі — Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2002-2006); Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары — Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкіметтің Өкілі (2006-2007); Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі (2007 жылы ақпан — 27 тамыз). 2007 жылдың тамызынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2009-2014 жылдары — Шығыс Қазақстан облысының әкімі. 2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 2015-2019 жылдары Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарды. «Құрмет» (1999), «Парасат» (2007) ордендерімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі лауазымын 2019 жылдың ақпанынан бері атқарып келді. Айта кетейік, осыған дейін Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықованың Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылғандығын және Парламент Мәжілісінің депутаты лауазымына тағайындалғандығын жазған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.