Мойынқұм ауданының тарихын тұңғыш рет кім жазғанын білесіз бе?

0 68

 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылды – Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу жылы, сандай-ақ 31 мамыр – Саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады. 30 жылдан астам уақытын журналистік қызметке бағыштап, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан Зал Жүнісов – осындай азаматтардың бірі,-деп жазады «Zhambylnews» АА.

Зал Жүнісов бүгінде өмірде жоқ,алайда  осынау жанның тағдыры қандай талайлы болса, адамдық ажары мен бойына біткен ізгі қасиеттері де соншалық көп. Зал Жүнісов 1923 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданында дүниеге келген. 1983 жылы 21 ақпанда кенеттен келген ажалдан қызмет үстінде, жұмыс кабинетінде қайтыс болған.ҚазМУ-дің ІІ курсында оқып жүрген студент Зал Жүнісов саяси қылмыскер ретінде жазықсыз тұтқындалып, сегіз жыл түрмеде жатып, әділетсіздіктің құрбаны болып, азап шеккен.

Халық патриоты ретінде жазған өлеңін сезіммен бағалаудың орнына саяси астар іздеп, Кеңестік жүйеге қарсы деп түсінген парықсыздықтың кесірі оны нақақтан жалалы етіп тынған. Алайда жігерлі де отты, өжет те өр мінез жігіт опасыздықтың, әділетсіздіктің, асыра сілтеушіліктің құйтырқы келеңсіздігіне күйремей, қиындық пен азапқа мойымай тағдыр кешті.

Әйтсе де жанұялық жағдайына орай ауылы Мойынқұмға қайтқан Зал атамыз еңбекке етене араласады. Қандай да қызмет түрі болмасын біліктілік пен жауапкершілікті бағыт тұтқан ол кісі аудан шаруашылығына, ондаған тыныс-тіршілікке лайықты қолтаңба қалдырып отырған. Аудандық мұражайды басқарып, жұпыны мекемені байытуға орасан зор еңбек сіңірген.

Зал Жүнісов – Мойынқұм ауданының (Жамбыл облысы) тарихын егжей-тегжейлі зерттеп, пайымды әрі негізді деректер келтіре отырып тұңғыш рет жазып шыққан адам. Ал бұдан кейінгі ұзақ жылдар бойы аудандық сол кездегі «Коммунизм таңы» газетінде бөлім меңгерушісі болып, журналистік абыройлы қызмет атқарған Зал Жүнісовтің қаламынан туған тамаша мақала – очерктер, өткір сындар, уақытты фельетондар, әңгіме — өлеңдері облыс, аудандық басылым беттерінде жарияланды.

Өлеңдері: «Желмен сөйлесу», «Жұбату», «Қоштасу», «Түрмеде», «Анама» т.б.Бүкіл саналы ғұмырын халық көкейіндегі ой-арманның орындалуына арнап, ел мүддесінің еленуі үшін жанкешті қасиеттерімен таныла білген азаматтардың абыройлы іс-әрекеттері әркез биік құрмет пен ықылас – ілтипатқа лайық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.