Мойынқұмдағы эпидемиологиялық жағдай туралы орталық аурухананың бас дәрігерінің мәлімдемесі

0 7

Елімізде короновирус инфекциясы өршіп тұр, сырқаттану саны күннен күнге өсіп келеді.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 25 маусым күнгі №43 және облыстық бас санитарлық дәрігерінің 22 маусымы №27 Қаулысынының орындалуы бойынша ауданда індетке қарсы режим талаптар мен режим сақталу жұмыстары жүргізілуде.Мойынқұм аудандық денсаулық сақтау саласында қауіпсіздік шаралары жалғасуда. Барлық бөлімшелерде карантин орнатылды. Жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу, профилактикалық тексерістер мен скринингтер тоқтатылды.

Ауданда жедел респитаторлық инфекциясымен ауырғандар, оның ішінде өкпенің қабынуы(пневмония) саны артып барады. Сондықтанда, құрметті жерлестер, өздеріңізді, жақындарыңызды індеттен сақтаңыздар, барлық қауіпсіздік шараларды орнындаңыздар, күнделікті қол жуу, спирттік антисептиканы пайдалану, көп шоғырланған адамдар арасында бір реттік бетперде киіп, ара қашықтықты сақтау, балалармен, жүкті әйелдер, 65 жастан жоғары үлкен кісілер қыдыру, той-домалақ, асқа бару жақтарын шеттетсеңіздер, өз денсаулықтарыңыздың пайдасына жұмсалатыныанық болар еді. Тұмауратып ауырсаңыздар(дене қызуы көтеріліп, тамақ ауырып, жөтел болса, әлсіздік т.б. белгілері) болған кезде 103 арқылы үйге шақырту жасап немесе учаскелік дәрігеріңізбен мед бикеңізге хабарласып, үйге келіп көруге мүмкіндік жасаңыз. Инфекционист дәрігерлер Тлешова Лязат Якияқызы мен Қасымходжаева Шойра Юлдашқожақызына телефон арқылы кеңес алуларыңызғада мүмкіндік бар,( телефон нөмірлері – 8 747 197 61 91, 8 705 908 20 00).

Тегін дәрі алатын пациенттерге учаскелік дәрігерлеріңізбен мед бикелеріңізге телефон арқылы алдын –ала хабарласып, емханаға келе алмайтын жандарға үйге жеткізіліп беріледі.Парацитамол, аспирин таблеткаларының орнына құрамында парацитамолы бар тұмауға арналған: колдрекс, антигриппин, терафлю және ибупрофен т.б. дәрілерді пайдалануға болады.Аудандық ауруханада қосымша 10 провизорлық төсек ашылады.
Сіздердің денсаулықтарыңыздын сау болғаны біз үшін әбден маңызды , сол үшін түсінушілікпен қараңыздар, ағайын! Індетті қауіпсіздік шараларын орындай отырып, сіздер болып, біздер болып, бірлесіп жеңейік!

Ж.Әтішев — орталық аурухананың бас дәрігері

Leave A Reply

Your email address will not be published.