«Парасатты отбасы» онлайн байқауы басталды

0 18

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисі және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Парасатты отбасы» онлайн байқауын өткізеді.
Облыстық байқауға парасатты, қоғамда белсенді, ой-өрісі кең, ізденімпаз оқушылар мен білімгерлер өз жанұясымен, сондай-ақ, байқауға облыстағы әртүрлі қызмет саласында жұмыс атқаратын отбасылар қатыса алады.
Қатысушылар әлеуметтік желілерде парасаттылық туралы ойлары және адалдықты насихаттайтын материалдарды жариялауы қажет. Оған қоса, парасаттылық, адамгершілік үлгілерін көрсететін 4-5 минуттық сапасы жоғары бейнеролик дайындап, әлеуметтік желілерге «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисін белгілеп #Жамбыладалдықалаңы хэштегімен орналастыруы шарт.
Байқауға қатысу туралы өтінім 2020 жылғы 14 қазанына дейін келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті, Тараз қаласы, Бектұрғанов к-сі 6, тел.8 (7262) 43-74-61, raikulova.jazira@mail.ru және aliya_kulenova@mail.ru, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары sulujan_02@mail.ru.

Leave A Reply

Your email address will not be published.