Мажарстанда түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтеді

0 9

Қазақстан Будапештте өтетін түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін ұйымдастыруға белсенді қатысуға дайын. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлім етті.

— Бүгінге кездесуде Біріккен ұлттар ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымдары, басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-әрекет келешегі туралы да пікір алмастық. Соның ішінде БҰҰ-ның баламасыз, бірегей көпжақты институт ретінде беделін арттыру және оны реформалау төңірегінде әңгіме құрдық. Осы тұста Мажарстан Түркі мемлекеттері ұйымының белгілі әрі белсенді қатысушысы екенін де жеке атап өткім келеді. Еуропа кеңістігінде алғаш рет өтетін осы ұйымның Будапешттегі бейресми саммиті тұтас түркі елдерінің ықпалдастығын арттыруға зор мүмкіндік туғызбақ, — деді Мұрат Нұртілеу БАҚ өкілдерінің алдында мәлімдеме жасай отырып.

Сондай-ақ министр Қазақстанның Будапештте өтетін түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін ұйымдастыруға дайын екенін және белсенді қатысатынын айтты.

— Сөз соңында әріптесім Петер Сийярто мырзаға ашық әрі өзара қолдау рухында өткен конструктивті келіссөздер үшін тағы да алғыс айтамын. Бауырлас мажар халқына ынтымақ пен құт-береке тілеймін. Ал қазақ-мажар достығы баянды болсын!, — деп қорытындылады Сыртқы істер министрі.

Айта кетейік, бүгін Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийярто елордаға ресми сапармен келді.

Белгілі болғандай Мажарстанның президенті Тамаш Шуйок және Парламент спикері Ласло Кевердің Қазақстанға ресми сапарпен келеді.

Одан бөлек, ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Таяу Шығыстағы жағдайға алаңдаушылық танытты.

Сондай- ақ Мұрат Нұртілеу Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың оңайлықпен шешілмейтінін айтты.

Кездесу барысында Қазақстанда мажар банктерінің филиалы ашылатыны айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.