Қазақстанда ресми түрде үш жаңа өңір пайда болды, – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА Хабар-24 арнасына сілтеме жасап.
Қазақстан Президентінің 4 мамырдағы еліміздің жаңа аймақтарын құру туралы Жарлығы 8 маусымда ресми түрде күшіне енді.
Ұлытау облысы аумақтық жағынан ең үлкен өңірлердің бірі болып табылады. Құрамына екі аудан – Жаңаарқа және Ұлытау және үш қала – Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалаларынан кіреді. Облыстың әкімшілік орталығы-Жезқазған. Жаңа облыс халқының саны шамамен 226 мың адам болуы керек.
Шығыс Қазақстан облысынан Абай ауданы бөлініп шықты.
Облыс орталығы-Семей қаласы. Құрамына сегіз аудан: Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар, сондай-ақ екі қала – Семей және Курчатов кірді. Облыс халқының саны шамамен 640 мың адам болуы керек.
Алматы облысынан бөлініп шыққан Жетісу еліміздегі халық ең көп қоныстанған өңірлердің біріне айналды. Онда 650 мыңға жуық адам тұрады. Облыстың әкімшілік орталығы Алматы облысының бұрынғы орталығы – Талдықорған қаласында орналасқан. Облысқа сегіз аудан мен екі қала – Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары, Талдықорған және Текелі қалалары кіреді.