Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Жамбыл облысында жұмыссыздар саны 0,2 пайызға көбейген. Сондай-ақ екі қолға бір күрек таппай жүргендердің саны Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында артқан ,- деп жазады «ZhambylNews» АА Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда жыл сайын 300 мыңдай азамат еңбек нарығына қосылады. Олар 2000-шы жалдан кейін дүниеге келген, жаңа буын. Осыны ескере отырып, жұмыспен қамту саясаты да жаңарады. Яғни есік сығалап, түйіндеме тарату келмеске кетеді. Министрлік бос жұмыс орындарын электронды еңбек биржасына орналастырып, жүйелі түрде онлайн жәрмеңке өткізуді жоспарлап отыр.
Бұған дейін пилоттық режимде сыналды. Енді 24-30 маусым аралығында Респубилка бойынша өтеді. Бүгінде электронды еңбек биржасында 691 кәсіпорын 13 мың 500 ден астам жұмыс орнын ұсынып отыр. Елде еңбекке жарамды азаматтардың 4,9 проценті екі қолға бір күрек таппай жүр. Сорақысы сол жұмыссыздардың қатарында жастар көбейіп барады. Өткен жылы жастар арасындағы жұмыссыздық 3,7 процент болса, биыл 3,9 процентке жеткен.