Қасым-Жомарт Тоқаев әскери парадты тамашалады

0 2

Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңдегі әскери парадты тамашалағанын хабарлады.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалады, — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңына барды.

Кеше Мемлекет басшысы Қытайдағы Қазақстан мәдениет орталығының ашылу рәсіміне қатысқан болатын.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.