Келесі жылы ең төменгі еңбекақы 85 мың теңге болады

0 2

Қаржы министрлігі 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттің жобасын талқылауға шығарды.

Құжатта 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап негізгі қаржылық есептік көрсеткіштердің қанша болатыны айтылған.

Атап айтқанда:

1) жалақының ең төмен мөлшерi — 85 мың теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері — 35 596 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшерi — 69 049 теңге;
4) айлық есептiк көрсеткiш — 4 325 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеуге қажетті ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы — 50 851 теңге болып белгiленген.

Бұған дейін донор өңірлер алдағы үш жылда республикалық бюджетке 3,3 трлн теңге бөлетінін жазған едік.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.