Ресейлік диетолог Артём Леонов ағзаның қандай ерекшеліктеріне байланысты картопты жеуден бас тартқан жөн екенін айтты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«Картоптың гликемиялық индексі – 70 бірліктен жоғары, оны көмірсу алмасуының бұзылуы, метаболикалық синдром, қант диабеті кезінде қолданудың қажеті жоқ. Жасырын аллергиялық реакция тудырады», — деді Леонов.
Сарапшы барлығы ішек микробиотасына байланысты екенін қосты. Көмірсулар алмасуының бұзылуы және оған жеке реакциясы жоқ кез келген адам картопты жей алады.
Айта кетейік, осыған дейін диетологтар ет пен картопты қосып жеуге болмайтыны туралы түсіндірген болатын. Диетолог дәрігер Елена Соломатинаның айтуынша, ет пен картопты қосып жеу кей адамның асқазанына ауырлық түсіруі мүмкін.
«Еттің асқазанда қорытылуы үшін тұз қышқылы қажет, көбінде. Ал крахмал тектес өнімнің етті қорытуға мүлде көмегі жоқ. Содан асқазан ішек жолдарында қышқыл пайда болуы мүмкін», — деп түсіндіреді ол.
Адам асқазаны тамақ араластырып жегенді жөн көреді. Өйткені бір тағам екінші бір тағамның қорытылуына жақсы әсер етеді. Мәселен, етті ақуызы мол тағамдармен (оның ішінде сүт), ал картопты көміртегімен қосып жеген дұрыс.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz