Смартфон мен әжетхана орындығы. Қайсысында микроб көбірек?

0 6

Which тұтынушылық өнімдер ресурсы жүргізген бактериологиялық тест нәтижесі күнделікті қолданатын смартфондар мен планшеттердің бетінде әжетхананың орындығынан да көп микробтар жиналатындығын көрсетті.

Зерттеу барысында 30 смартфон, планшет пен пернетақта назарға алынды. Олардың тазалығы зерттеліп, табылған микробтар қандай ауруларға әкелетіндігі қаралды. Мамандардың айтуынша, заманауи гаджеттердің бетіндегі микробтар диарея, асқорыту жүйесінің ауруларына әкеле алады, ішек таяқшасы бактерияларының пайда болуына әсер етеді. Зерттеуге қатысқан мамандар жиі қолданылатын бір ғана iPad-тың бетінен 600 дана алтын стафилокок тапты. Салыстыру үшін мамандар кеңселік ғимараттағы әжетханада да дәл осындай зерттеу өткізді. Ондағы осы бактерияның саны – 20. Ал күнделікті қолданатын смартфонның бетінде 140 дана алтын стафилокок болса, кір пернетақтадан 480 талы табылды. Дәрігерлердің айтуынша, адам ағзасына қауіпті микробтардың көп шоғырлануы гигиена ұстанбауға байланысты. Көбіміз жұмыс орнында тамақтанып, смартфон не пернетақтаға тамақ қоқымдарын шашамыз, даладан келгенде, қолымызды жумаймыз, гаджеттерімізді көрінген жерде ұстап, қолданамыз, ал оларды артынан сүртіп шығу ешкімнің ойына келмейді.

«Бұл көрсеткіштер санитарлы нормалар үшін өте жоғары болып саналады. Көрсеткіш адамдар қолдарын жиі жумай, өз денсаулығына көңіл бөлмейтіндерін көрсетеді. Егер біз осындай көрсеткішті өндірісте аңғарсақ, бұған жол бермей, бұйымдарды қолданыстан шығарар едік», — деп пікірін білдірді микробиолог Джеймс Фрэнсис.

Дереккөз: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.