Таразда полицейлер заңсыз өткізілген іс-шаралардың бірнеше дерегін анықтады

0 17

ZHAMBYLNEWS — Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері кезекті рейд жұмыстары барысында қаланың бірнеше мекемесінде, атап айтқанда «Viber»,«Х.О»,«Game over» барларында карантиндік  режимді  бұзу деректерін анықтады.

Аталған мекемелерге қатысты Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің  425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша материал жинақталып, бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін  санитарлық-эпидемиологиялық  қызметке  жіберілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.