«TARAZ TOURISM AWARDS — 2021» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

0 7

Облыс әкімі  Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «TARAZ TOURISM AWARDS — 2021» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  Аймақ басшысы өңір туризімінің дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлерді жеңістерімен құттықтады.

Біздің өңіріміз үшін де, мемлекет үшін де туризімнің экономикаға қосатын үлесі зор. Біз облыс туризімін дамыту мақсатында жоспарлы жобаларды қолға алып жұмыс істеудеміз. Әлемді шарпыған пандемияға қарамастан өңірімізге келген туристер өткен жылға қарағанда 53 пайызға артқан. Оның үстіне Тараз қаласы Ұлы Жібек жолы бойында тұр. Бүгінде осы жол бойында орналасқан Түркістан қаласы мен екі мың жылдан аса тарихы бар Тараз қаласы туристік орталыққа айналуы керек,деді облыс əкімі.

Облысымызды қақ жарып өтіп жатқан «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» транзит жолы да біздің өңірге туристерді көптеп тартуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда облыс аумағында 197 қонақ үй, 434 тамақтану орындары, 47 туристік ұйым, 11 балаларды сауықтыру лагері, 7 шипажай, 15 демалыс орыны, 78 қолөнершілер мен 25 көлік субъектісі жұмыс істеуде.

Бұдан бөлек, Тараз шаһары аумағында 3441 тарихи-мәдени ескерткіш орналасқан, оның 25-і республикалық дәрежедегі нысандар болса, 3 416 жергілікті маңызы бар ескерткіштер. 5 археологиялық ескерткіш ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. Сонымен қатар, облыс аумағында 200-ден астам ежелгі қалашықтар орналасқан. Облыс аумағындағы туристік нысандар 37-ден 86-ға жетті.

Осыдан кейін конкурс жеңімпаздарына Бердібек Сапарбаев арнайы номинацияларды тарсырды. Атап айтсақ, «Ішкі туризм бойынша үздік туроператор», «Жыл менеджері», «Үздік өлкетанушы-археолог», «Туризм саласындағы үздік инвестициялық жоба» жəне «Аймақты шетелге таныстыру» номинацияларын «Жамбыл Сервис» ЖШС директоры Валерия Батуева, «Золотой Карава» ЖШС-нен Лейлы Татаренкова, «АРК» ЖШС директоры Искандербек Торбеков, «Көксай» туристік кешенінің директоры Нұрмұхамед Исаков пен «Асыл дизайн» сəн үйінің жетекшісі Айдархан Калиев диплом мен қаржылай сыйлықтарға ие болды.

Келесі номинациялар бойынша марапаттарды облыстық мəслихат хатшысы Махметқали Сарыбеков пен облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Əмзебек Жолшыбеков тапсырды.

Жиын соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.