Таразда жасөспірімдер арасында босктан республикалық ашық турнир өтті

0 44

Тараз қаласында Ұлы Отан соғысының майдангері,  КСРО  Еңбек Ері Әбдір Сағынтаевтың 100-жылдығына арналған бокстан 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен 1-ші республикалық ашық турнирдің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Оған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев және тағы да басқалар құрметті қонақ ретінде қатысты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ұйымдастырылып, бес күнге созылған байрақты бәсекеде еліміздің әр түкпірінен және Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы командаларынан барлығы 170 жас спортшы бақ сынасты.

Тартысты өткен жарыста 42 келі салмақ бойынша Жамбыл облысының жас спортшысы Р.Орынбасаров, 44 келі бойынша А.Ғабитбек (Қазақстан), 46 келі бойынша С.Тастанов (Өзбекстан), 48 келі бойынша Б. Боранбек (Қазақстан), 50 келі бойынша Б.Жолдасбек (Қазақстан), 52 келі бойынша А.Қадырхан (Қазақстан), 54 келіде Ә.Тортубек (Алматы облысы), 57 келіде Д.Серікұлы (Қазақстан),   60 келіде А. Қуаныш (Жамбыл облысы), 63 келіде А. Үсен (Қазақстан), 66 келіде С. Бегалиев (Шымкент), 70 келіде Д. Күмісбаев (Қарағанды), 75 келіде М. Жанболат (Алматы), 80 келіде М. Бексұлтанов (Қазастан),  +80 келіде Б. Қайратұлы (Алматы)  чемпион атанды.

Сондай-ақ, жамбылдық Бексұлтан Боранбек «Үздік боксшы», өзбекстандық Эргашев Ильхомбек  «Жеңіске деген жігерлігі үшін» аталымымен марапатталды.

— Тараз қаласында жасөсіпірімдер арасында өткен бұл бәсекенің өңір спортын дамытудағы маңызы зор. Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймын.

Келер жылдан бастап облысымызда Бокс орталығы салына бастайды. Ондағы мақсатымыз – Жамбылдан шығатын болашақ Олимпиада, Әлем чемпиондарын тәрбиелеу, деді Бердібек Сапарбаев.

Барлық жүлдегер спортшыларға  арнайы  медальдар мен  дипломдар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.