«Анаға тағзым» орталығында «Тәуелсіздікке тәубе» акциясы ұйымдастырылды

0 2

«Анаға тағзым» орталығында «Тәуелсіздікке тәубе» акциясы ұйымдастырылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай 30 метр ақ дастархан жайып, 30 келі қазақтың ыстық бауырсағын көпбалалы аналар пісіріп, көпшіліке ұсынды. Елдегі ынтымақ пен татулықты нығайту, әр ұлттың дастарханын таныту мақсатында «Анаға тағзым» орталығының алаңында 4 шатыр орналастырылып, қазақ, өзбек, орыс, дүнген, тәжік, башқұрт ұлттарының ұлттық тағамдарынан көрме қойылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев арнайы қатысты. Сондай-ақ, Облыс әкімі Б.Сапарбаев, Тараз қаласының әкімі Е.Жылқыбаев, зиялы қауым өкілдері, облыстық және қалалық ардагерлер, Аналар кеңесі, этно-мәдени бірлестіктер төрағалары мен өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, іскер әйелдер қауымдастығы, жастар және қала тұрғындары қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.