Жамбыл облысының білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті

0 10

Жамбыл облысы  «Баласағұн» орталық концерт залында «Келешекке – кемел біліммен» атты педагогтардың дәстүрлі тамыз конференциясы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жиынға облыс әкімі Асқар Мырзахметов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының Президенті Асқар Ибраимов, Халықаралық «Білім-Инновация» қорының Президенті Дархан Өте, «EDTECH-KZ» халықаралық білім орталығының бас директоры Ғани Бейсембаев, сондай-ақ, Тараз қаласының әкiмі , құқық қорғау және атқарушы органдардың, бiлiм бөлімдерінің басшылары, кәсіподақ ұйымының өкілдері, педагогикалық еңбек ардагерлері мен білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

Білім басқармасының басшысы педагогтардың тамыз конференциясында жаңа оқу жылының жаңалықтары мен ескі жылдардың қорытындысы туралы баяндама жасады.
Басқосуда қол жеткізілген бірқатар жетістіктер мен кемшіліктер айтылып, өз ісін абыроймен атқарып жүрген ұстаздар марапатталды.

Айта кетейік, конференция аясында облыстың білім саласындағы жетістіктері мен жаңалықтары туралы көрме қойылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.