Жамбыл облысы Түркістан облысының су басқан ауылдарына 30 тонна азық-түлік өнімдерін жіберді

0 2

Жамбыл облысының әкімдігі Түркістан облысының су басқан аймақтарына жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен 30 тонна азық-түлік өнімдерін жіберді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде 10 тонна ұн мен күріш, 5 тонна қант, 2 тонна макарон және өсімдік майы, 1 тонна қарақұмық бар. Сонымен қатар, қиын жағдайға тап болған отандастарымызға арналған гуманитарлық көмекке 10 мыңға жуық тауарлар, атап айтсақ аяқ-киім, футболкалар, жейделер, шалбарлар, балалар киімдері, төсек-орын жабдықтары және басқа да заттар жиналды, — деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров.

Жексенбі, 3 мамыр күні азық-түлік және алғашқы кезектегі қажеттілігі бар тауарлар тиелген жүк көліктері көрші облысқа аттанды.

Естеріңізге сала кетейік, 2 мамыр күні Мақтаарал ауданының шекарасындағы орталық коллектордан су жайылып, салдарынан бірнеше елді мекен су астында қалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.