Жамбыл облысында ауылшаруашылық саласындағы пилоттық жобаларды қаржыландырудың жаңа тетігі қарастырылуда. «Алқаптан сөреге дейін» деп аталатын бұл жоба шаруашылықпен айналысушылар үшін үлкен көмек болмақшы. Сондай-ақ, аталған саладағы қаржы көлемі артып, ағымдағы жылы бөлінетін қаржы сомасы 4млрд теңгеге жеткен — , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Ағымдағы жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті ел экономикасының басым бағыттарының бірі- азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз етуді арттыруды баса айтқан болатын. Бұл бағытта аймақта ауыл шаруашылығы тауар өндірушелірен қолдау мақсатында «ҚазАгро» АҚ-ғы арқылы 6%-дық мөлшермен несиелендіру жұмыстары жүргізілмекші. болады.
Аймақта қазір ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған 5 түрлі нақты іс-шара қарастырылған. Олардың қатарында қаржыландыру тетіктерін кеңейту, «Алқаптан сөреге дейін» қаржыландыру тетігін енгізу (Пилоттық жобалар), экспортты және импортты алмастыруды жүргізу,егіс алқаптарын кеңейту, өнімділік пен жалпы жинауды ұлғайту, ЖСҚ сараптамадан өту рәсімдерін жеңілдету бар. Аталған бес бағыт өңірдегі жұмыс орындарының ұлғаюына, отандық кәсіпорындардың жүктелімін арттыруға, импортты алмастыруға ықпал етеді деп күтілуде.
Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсету үшін бүгінгі күні 20 бюджеттік бағдарлама шеңберінде субсидиялар мен кредиттер тұрақты түрде берілуде. Сонымен қатар , облыста енгізілген карантиндік режим кезінде көктемгі дала жұмыстарын өз деңгейінде жүргізу мақсатында, облыс аумағында шаруашылықпен айналысатын тұрғындарға қала, аудан аумағына кіріп/шығуға электрондық рұқсат қағазын беру (электрондық базаға енгізіле отырып) арқылы жүзеге асырылуда.
көрсетіліп жатқан қолдаулар арқасында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы қорытындысымен Жамбыл облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі – 39 474,5 млн. теңгені (НИК – 103,8%) құраса, оның ішінде, егін шаруашылығы өнімінің көлемі – 512,4 млн. теңгені (НИК-100,0%), мал шаруашылығы өнімінің көлемі 38 942,7 млн. теңгені (НИК-103,8%) құраған.