Жамбылдықтар жедел жәрдем мен медициналық мекемелердің жұмысының нашарлығына, ауруханадағы төсек-орындары мен дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің тапшылығына қатысты жиі шағымдануда. Кеше бас дәрігерлер мен дәріхана желілерінің өкілдерімен болған кездесуде қалыптасып отырған жағдайдың себептері мен қордаланған мәселелердің шешу жолдары талқыланды , — деп хабарлайды «ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
⠀
Адамдар аурухананың қабылдау бөлімінде сағаттап отыруда. Жағдайды дереу реттеп, қабылдау бөліміндегі дәрігерлер санын арттыру қажет.
⠀
Бас дәрігерлер шығып, оларға жағдайды барынша түсіндіргендері абзал. Сондай-ақ, олар қиын жағдайдағы азаматтардың денсаулығын сақтау үшін шұғыл шаралар қабылдауы тиіс.
⠀
Жедел жәрдем көлігін күтудің өзі бірнеше сағатқа созылатын болса, кедергісіз медициналық көмек туралы не айта аламыз? Жедел жәрдем топтарының санын көбейту және олардың жұмысын жүйелеу керек.
⠀
Дәріханаларда вирусқа қарсы және қызу түсіретін дәрілердің тапшылығы туындауда. Дәріханалар желісінің өкілдері мұндай ахуалды тұрғындардың өзі қолдан жасап отырғанын айтады. Дәрі-дәрмекті негізінен сау адамдар сатып алуда. Қазір олар дистрибьюторлармен бірге қамтудың жаңа жодарын қарастыруда.
⠀
Азаматтардың өмірі мен денсаулығы – бәрінен бағалы. Оларды қорғауға бар күш-жігеріміз бен мүмкіндіктерімізді бағыттауымыз қажет.