Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Орумбаев Ерлан Құрмантайұлы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды, — деп жазады “ZhambylNews” AA облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орумбаев Ерлан Құрмантайұлы 1978 жылы Жамбыл облысының Қордай ауданында туған, білімі жоғары («инженер-механик», «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген).
Еңбек жолын 2000 жылы Қордай ауданы әкімінің жастар ісі, спорт және туризм басқармасында бас маман болып бастаған.
2018 жылғы тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.