Таластан шыққан танымал азаматтар «Жомарт түлек-2021» форумында бас қосты

0 10

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірімізде ұйымдастырылып жатқан «Жомарт түлек-2021» форумы Талас ауданында жалғасын тапты. Түлектерді төрге оздырып құрмет тұтқан кездесуге  осы ауданнан  шығып, бүгінде   әр саласында  еңбек етіп жүрген азаматтар  қатысты,-деп жазады  «Zhambylnews» АА.

Аталмыш шараны аудан әкімі Қанатбек Мәдібек ақ тілегімен ашып беріп, туған жерге туын тігіп, атымтай жомарттығымен ел игілігіне еңбек сіңірген бірқатар түлектерді марапаттады.

Форумның басты мақсаты – түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген елімізге белгілі түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, танымал таластықтарды туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуға тарта отырып, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісу және әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру болды.

Туған жердің түйір тасына дейін қарыздар екенімізді естен шығармай, адал еңбегіміздің еншісін түлеп ұшқан өлкеге қалдырсақ үлкен мәртебеге ие боларымыз хақ.

Ұлы даланың төсіндегі тұлпарларының тізгінін ұстар өз елінің шынайы патриоты үшін бұл жоба —  санамыздағы сан арманға сағым бастырмас, әр істе тағаға қағылар шегедей берік бастамаларға мүмкіндік мол жоба.

Leave A Reply

Your email address will not be published.