Қыста жиі ауырмауға көмектесетін жазғы лайфхактар

0 102

Жаңа пайдалы әдеттерге көшуге және денсаулықты күтуді бастауға әлі де кеш емес. Ағзаңыз күйзеліске шалдықпас үшін жазда қысқа қалай дайындалу керек?

Көбірек серуендеңіз

Адамдардың көпшілігі жаяу жүрудің ағзаға пайдасын бағалай бермейді. Қатты алыс болмаса, жұмысқа дейін жаяу барыңыз немесе аялдамаңыздан бұрын түсіп қалыңыз. Егер асығыс болсаңыз, жылдам жүріңіз. Ол одан сайын тиімді болады.

Гаджеттерден демалыңыз

Қолыңызға гаджеттер ұстамай, демалып үйреніңіз. Жұмыста оларсыз отыру мүмкін емес, бірақ үйде олардан барынша бас тартуға тырысыңыз. Әсіресе, компьютерде көп отырмауға тырысыңыз, ол көзді шаршатады, омыртқаға күш түсіреді, ал ми болса, үнемі күйзеліс жағдайында болады. Демалыс күндері қаладан алыс жерге баруға тырысыңыз. Табиғаттан энергия алыңыз. Сондай-ақ, табиғи түстер көру жүйесіне жағымды әсер етеді.

Классикалық ән тыңдаңыз

Оның дыбыстары зат алмасуға жағымды әсер етеді, ұйқыны жақсартады, жүйке жүйесі жұмысын ынталандырады. Классика тыңдау жүрек ырғағын тегістейді. Бірден болмаса да, уақыт өте өзіңіздің сүйікті композиторыңызды табасыз.

Шынығыңыз

Жазда ағзаны күйзеліссіз шынықтыратын процедураларға біртіндеп үйрету оңайырақ. Әсіресе, аяққа арналған ванналар жасау, қарама-қарсы душ қабылдау және өзіңізге салқын су құю пайдалы. Егер мұндай әдістер ұнамаса, жағымды түрлерін жасауға болады. Мысалы: өзенге шомылу, төбесі ашық бассейнде жүзу.

Тастардың үстімен және суда жүріңіз

Теңіз жағасында тастардың үстімен жүру өте пайдалы. Мүмкіндік болса, демалыс күндері қала сыртына шығып, жағажайда серуендеңіз. Жағалауда тобықтан келетін суда жүру көктамырларды сергітеді, теріні тазартады, табандағы рецепторлардың тітіркенуінің арқасында иммунитетті ынталандырады. Салқындау судан шығып, ыстық тастардың немесе құмның үстінен жүру пайдалы.

Жаңа тамақтану әдеттеріне көшіңіз

Жаз — ішектер жұмысын жақсартуға жақсы мүмкіндік. Рационыңызға көбірек жаңа піскен көкөністер, жемістер, жидектер, шөптер қосыңыз. Олар дәрумендердің керемет көздері. Өз еліңізде немесе көрші елдерде өсірілетін жемістер мен көкөністерді жеген жөн. Себебі олардың сіңуіне біздің ішектер генетикалық бейімделген. Рационды минералды сумен толықтыруға болады. Оны, мысалы, кешкі астан кейін ішіңіз.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.