Білім мәселелері бойынша 1450 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады

0 10

— Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырды. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері – сенбі және жексенбі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік білім басқармалары бірыңғай байланыс орталығына екінші желі арқылы қосылған.

Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататын мәселелер оны шешу үшін бірден білім басқармаларына жіберіледі.

Бүгінгі таңда байланыс орталығына 1 200-ден астам қоңырау түсті.

Азаматтарды көбінде балабақшадан орын алу үшін кезекке қалай тұру керегі қызықтырады.

Бұл мәселе бойынша түсіндірме жұмыстарын жергілікті атқарушы орган өкілдері жүргізеді.

Сондай-ақ ең өзекті тақырыптар — білім туралы құжаттарды қалпына келтіру, мектептегі тамақтандыру мәселесі, балаларды бір мектептен екіншісіне ауыстыру.

Leave A Reply

Your email address will not be published.