Тәуекел Мүсілім Түркиядан үй сатып алды

0 20

Шетелден үй алған әртістердің қатарына актер Тәуекел Мүсілім қосылды. Ол Түркияның Алания қаласынан үй сатып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Актердің жаңа үйі теңіз жағасында орналасқан. Ол осыдан бірер апта бұрын отбасымен бірге Түркияға демалуға барып, артынан мүлік сатып алған.

«Отбасылық демалысымыздың бітуіне аз уақыт қалды. Бұл жолы Аланьяға келуімнің себебі, біз пәтер алдық», – деп бөлісті ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас, Мәдина Сәдуақасова сынды өнер жұлдыздары Аланиядан үй алған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.