«Бала сүймесін»: Жөргекті тепкен блогерлер көптің ашуына тиді

0 22

Жақында үшінші сәбиіне жүкті екенін айтқан танымал блогер әлеуметтік желіде бейнежазба жариялады. Аталмыш видео көпшілікті ашуын туғызды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер Карина Окусукбаева құрбыларының басын қосып видео түсірді. Бейнежазбада блогер бір қап жөргекті  сәбилі болатын кезекті құрбысына лақтырады.

“Эстафетаны табыстаймын. Келесі кезекте кім? Интуицияңызды сынап көріңіз”, – деп жазды Карина.

Алайда жөргектерді қағып алудың орнына артта тұрған блогерлер басын ала қашада. Тіпті бірі жөргекті теуіп жіберді. Мұнысымен олар әзірге балалы болуға асықпайтынын көрсеткендей. Жиналған қыз-келіншектердің арасында жақында тұрмысқа шыққан актриса Әсел Сәдуақасова, жас актриса Айым Сейтметова және блогер Айна Исаева бар. Видеоны көрген желі қолданушылары блогерлерді бұл әрекетін түсінбей сынап тастады.

“Біреулерге қол жетпес арман, енді біреулер теуіп жатыр”, “Неге тебесіздер?”, “Маған беріңіздерші, сәбилі болғым келеді”, “Тепкені дұрыс болмады”, “Теуіп жіберген қыз жеті бала тусын”, “Тепкені несі? Бала сүймесін”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі отандық блогерлер Арман Юсупов пен Карина Оксукбаева үшінші сәбиін күтіп жүргенін жария етіп, гендер пати жасаған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.