Танымал ақын, композитор Арман Қайназаров қайтыс болды, — деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл ақпаратты редакцияға журналист Тимур Нұғман растады.
«Ол 4 қыркүйекте Шаңырақ шағынауданындағы кафе маңында жігіттермен төбелесіп қалған. Сол күні жансақтау бөліміне түсті. Кейін комаға түскен. 19 қыркүйекте ол қайтыс болды», — деді журналист.
Желі қолданушылардың бірі оны белгісіз біреулердің ұрып кеткенін көріп, жедел жәрдем шақырғанын жазған.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Арман Қайназаров есімді жігіттің аянышты жағдайдағы видеосы кең тарағаны хабарланған еді. Ол өзінің Қызылорда облысынан екенін айтқан болатын. Бұдан бірнеше ай бұрын композитор күтпеген мәлімдеме жасаған еді.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz