Төреғали Төреәлі Алматыда көше сыпырып жүр

0 23

Сот үкімімен 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған әнші Төреғали Төреәлі Алматы қаласындағы саябақтардың бірінде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстандық әнші әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеп, әр адам заңға бағынуға міндетті екенін айтты.

«Сот үкімі бойынша мен 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылдым. Түске дейін саябақты тазаладық. Бұл – менің Тәуелсіз Қазақстаным, Отаным, елім, жерім. Әлбетте, Әнұраны бар, көк Туы бар елдің міндетті түрде заңы болады. Ол заңға бағынуымыз керек. Ұлы дала баласы, ұлы даласын сыпырып, тазалап жатыр», – деді Төреғали Төреәлі.

Еске сала кетейік, 14 маусым күні Алматыда есірткіге еліткен Т.Төреәлі полицейлерге бой бермей, оқиғаға орнынан қашпақ болған еді.

Патрульдік полицейлер әншіні ұстап, медициналық сараптама нәтижесінде оның есірткі қабылдағаны расталды. Сол күні Төреәлі әкімшілік жауапқа тартылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Кейін Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі Төреғали Төрәлінің қамауда ұстау әкімшілік жазасы 17 шілде күні аяқталғанын мәлімдеді.

Ал 22 қыркүйек күні Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты әншіні екінші құқықбұзушылық бойынша жазаға тартты. Оған 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.