Таразда «Өмір. Махаббат. Шабыт» атты көрме өтті

0 5

Тараз қаласында суретші Татьяна Шелудченкованың  «Өмір. Махаббат. Шабыт» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті.  Көрмеге суретшінің 18 жылдан бері жинаған түрлі тақырыптағы 298 туындысы қойылған.

Аталған шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында ұйымдастырылды. Автордың алғашқы көрмесі 2005 жылы өткен болатын. Ал 2010 жылы акрил техникасын қолдану арқылы салынған туындылар талайды тамсандырған.

Сонымен қатар, Татьяна Шелудченкова әйнек беттеріне сурет салуды дамытып, бейнелеу өнерінде өз орнын тапты. Кезекті көрмеден суретшінің кескіндеме, бөтелкеге салынған витражды жұмыстарын,  тасқа салынған суреттері мен қолданбалы өнер туындыларын кездестіруге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.