Қазақ-қырғыз шекарасында екі застава ашылды

0 13

Тәуелсіздік күніне орай №2038 әскери бөлімінде алғаш рет модульді кешен салынып, Қордай ауданына қарасты Еңбек және Ауқатты елді мекендерінде жаңа заставалар ашылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Осыған байланысты қос елді мекенде де салтанатты іс-шара өтті. Атап айтқанда, Қордай ауданының Еңбек ауылында «Еңбек» және Ауқатты елді мекенінде «Жасылтөбе» шекара заставасы ашылды. Оған аудан басшылығы,  ақсақалдар алқасы өкілдері және ауыл жұртшылығы қатысты.

null

«Жаңа заставалардың ғимараты жауынгерлік даярлық сабақтарын өткізіп, өз кәсіби шеберліктерін шыңдауға, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұрмысына өте ыңғайлы етіп жасалған. Ал, тұрмыс жайлы болса шекарашылар өз міндеттерін алаңсыз атқара береді», — делінген Шекара қызметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

null

Leave A Reply

Your email address will not be published.