Елімізде экспорттық тауар көлемі артып келеді

0
6

Биылғы жылдың  5 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 4 процентке өсті.

Бұл туралы сала министрі Сапархан Омаров есеп беру кездесуінде мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізде қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға барынша қолдау көрсетіледі. Соның есебінен экспортқа шығарылатын ауылшаруашылық өнімдерінің көлемін арттыру көзделген.

Жиында сақтандыру жүйесін жетілдіру мен келер жылдан бастап субсидия бөлуде болатын өзгерістер жайында да айтылды. Шет ел нарығында Қазақстанның ауылшаруашылық тауарларына деген сұраныс артып келе жатыр.

«Бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жетілдіре түсеміз», – деді министр.

«Бүгінгі күні 13 тауар тобы бойынша Қытай нарығы ашық. Иран тарапымен тірі қой, мұздатылған және салқындатылған қой етін, сиыр етін, тағамдық жұмыртқа жеткізуге арналған ветеринариялық талаптар келісілді. Сауд Арабиясы Корольдігімен де келісімдер жүргізіліп жатыр. Ал Бахрейнге сиыр еті мен қой еті экспортталады», — дейді ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

«Инвестициялық субсидиялау бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Оның аясында жаңадан іске қосылып жатқан кәсіпорындар өздерінің жұмсаған шығындарының 25 пайызын қайтарып ала алады. Сондай-ақ былтырдан бері якорьлық кооперация негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдау мақсатында жаңа механизмдер іске қосылды. Фермерлер бордақылау алаңына мал тапсыру кезінде қосымша ақы алатын болады. Әр басына есептелінген», — дейді ҚР АШМ Мал шаруашылығын өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов.

Дереккөз: 24.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here