Карантиндік режим кезінде баға бақылауда

0 1

Қазіргі төтенше жағдайға байланысты карантиндік режим тұрақтылық пен зор жауапкершілікті қажет етеді.Қалыпты тіршілік тоқтап,жұртшылықтың еңбекке араласуына шектеулер қойылып жатқан уақытта азық-түлік тауарлары мен аса қажетті тұрмыстық заттар бағасын өсірмеуге бақылау қойылғаны белгілі.
Бұл жұмыс Тұрар Рысқұлов ауданының да ерекше назарында.Ауданда құрылған жедел штаб төрағасы,аудан әкімі Е.Садырқұлов осы жұмысқа жауапты сала басшыларынан баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жұмыстарын қатаң бақылауды тапсырған.Бұл жұмыс арнайы құрылған Жұмысшы топ тарапынан апта сайын зерделенуде. Сонымен қатар «Т.Рысқұлов-Адалдық алаңы» жобалық офисі мүшелері тарапынан да сауда орындарындағы баға тұрақтылығын сақтау шарасы бақылауға алынған.
Ауданда азық-түлік бағасын тұрақтандыру шараларын жүргізуші арнайы штаб құрылған(17 мүшесі бар). Аудан әкімінің тікелей қадағалауымен
Павлодар облысынан ауданға 68 тонна картоп жеткізілген, барлық елді мекендерге таратылып, нарықтағы бағадан төмен 130 теңгеден сатылуда.
Павлодар облысымен 140 тонна картоп және 70 тонна сәбіз жеткізуге келісім жасалып,тиісті шаралар жүруде.
Әлеуметтік тұрақтандыру қорынан 30 тонна қант жеткізіліп, ірі сауда орталықтарында (Қаракөз», «Аяжан», «Ақ босаға», «Ару») бір килосы 190 теңгеден сатылуда. Қосымша 30 тоннаға өтінім берілді.
Жергілікті өндіруші «Ақтоған» ЖШС-і шығарғани1 сұрыпты бидай ұнының бір килограмы 120 теңгеден (шекті баға149 теңге/кг), макарон өнімдерінің бір килограмы 184 теңгеден (шекті баға206 теңге/кг) төмен бағамен сатылуда.
Ауданда азық-түлік қоры жасақталған:
мысалы, 70 тонна ұн(«Ақтоған» 50 тонна, «Нұртау Әулиеата»20тн); 20 тонна макарон өнімдері(«Ақтоған»);
4 тонна тауық еті(«Бидайшы» ШҚ);
15 тонна сәбіз(«Жастар болашағы» ШҚ);10 тонна пияз.
Дәнді дақылдар қоры жеткілікті, бағалары қолжетімді және қалыпты.
Тізілімдегі әлеуметтік мәні бар азық-түлік бағасын сақтау бойынша тиісті кәсіпкерлермен келісім жүргізілген.
Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Біз біргеміз!» акциясы үздіксіз жүргізіліп, бүгінгі күнге дейін 500-ге жуық отбасыға азық-түлік пакеттері таратылды. Ауданның 15 ауылдық округіндегі мұқтаж 150 отбасына жеке кәсіпкер «Ақтоған» ШҚ басшысы СейтХасан Ахаев ұн, макарон өнімдерін таратты.
«Құлан-дән несие серіктестігі»құрылтайшылары ауданның 210 отбасына азық-түлік беріп,көмек көрсетті.
Бұл жұмыс әлі де жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.