Таласта бос игерілмей жатқан 170 гектар жер айналымға енгізілді

0 2

Талас ауданындағы бос ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлерді қайта айналымға енгізу индикаторы бойынша бүгінгі күнге дейін 170,0 гектар егістік жер учаскелері конкурс арқылы жалға беріліп, айналымға енгізілген, деп жазады “ZhambylNews” АА.

Ауданның жер қоры 1220,5 мың гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер  — 441,1 мың гектар, елді мекендердің жерлері – 49,3 мың гектарды құраса, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс мақсатындағы жерлері – 27,3 мың гектар, орман  қорының жері – 602,4 мың гектарды; су қорының жері – 6,5 мың гектарды құрап отыр. Ал, босалқы жерлер  — 94,9 мың гектарды құрайды.

Елді мекен шегіндегі жер учаскелеріне аукциондар ұйымдастыру индикаторы бойынша ағымдағы жылға жоспар 3 аукцион болып белгіленіп, бүгінгі күнде көлемі 2 соттық құрайтын 1 кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскесі аукцион арқылы беріліп, жергілікті бюджетке түсетін қаржы 100,9 мың теңгені құрап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.