Жамбыл облысындағы мектептерге 2030 планшет таратылды

0
32

Қазіргі жағдайға байланысты бірінші қыркүйекке дейін Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу, аудандарының және Тараз қаласының мектептеріне 2030 планшет таратылған, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Еліміздегі пандемияға байланысты 2020-2021 оқу жылында оқу процесі екі түрлі форматта ұйымдастырылды. Облыстағы 234 мектепте 208 мың оқушы қашықтықтан және эпидемиологиялық жағдай тұрақты шалғай елді мекендерде орналасқан 208 мектепте 30681 оқушы дәстүрлі түрде білім алуда. Қашықтықтан оқытатын 234 мектептегі 3861 кезекші 1-4 сыныпта 52214 оқушы білім алуда.

Қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру мақсатында мектептердің теңгеріміндегі 17545 дана компьютер аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім алуды қажет ететін балаларға үлестірілді.

Оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге 26483 дана компьютерлік техника сатып алуға республикалық бюджеттен 4,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл ретте арнайы құрылған комиссия құрамы жұмысын жандандырды.

«Жамбыл адалдық алаңы» жобалық офисінің жетекшісі Назима Дәрменқызы комиссия құрамына төрағалық етіп, жобалық офис менеджерлері техниканың әр оқушыға жеткізілуін қадағалайтын болады.

Сондай-ақ, алдағы уақытта 2756 компьютер, 20156 ноутбук, 1541 планшет қыркүйек-қазан айларында алынып, оқушыларға таратылатын болады.

Бұдан бөлек қашықтықтан оқитын мектептердегі аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы балаларын, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды интернетпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен сатып алынатын 22904 роутердің 3107-сі мектептерге жеткізілген. Бұл жұмыстар әліде жалғасатын болады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here