Тұрар Рысқұловтағы 42 елді мекеннің 24-і газбен қамтылған

0 0

Тұрар Рысқұловтағы 42 елді мекеннің 24-і газбен қамтылған, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Аудандағы 42 елді мекеннің 24-і толық газ тартылған, газ кірмеген 18 ауылдың 11-нің (Жаңатұрмыс, Каменка, Қазақ, Жалпақсаз, Тасшолақ Д.Қонаев, Әбілхайыр, Бәйтелі, Қорағаты, Шөңгер, Шолақ-Қайыңды) газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. 1 ауылды (Шолақ-Қайыңды, жоба құны 143,0 млн.теңге)газдандыру жобасы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы осы айдың соңына дейін алынады.

Мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған барлық жобалар бойынша бюджеттік өтінімдер жолданды.
Қалған 7 елді мекен (Мамыртөбе, Аққайнар, Тойқұдық, Сұмқайты, Қосапан ауылдары, Құмарық разъезді, Қорағаты станциясы) халық санының тиісті нормадан аз болуына байланысты экономикалық тұрғыда тиімсіз деп танылған.

Сондай-ақ, Қарақыстақ, Жаңатұрмыс ауылдық округтеріндегі 5 елді мекенді газдандыру мәселесі бойыншажобалық-сметалық құжат әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаның құны 522,6 млн. теңге. Облыстық бюджет есебінен биылға өтпелі кезеңмен 50,0 млн.теңге бөлінді.
Қалған қаржыны республикалық бюджеттен бөлу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне өтінім жолданды.

— Газдандырылған елді мекендердегі орталықтандырылған газ торабына қосылмаған 406 тұрғын үйдің 359-ы төмендетілген бағамен газ торабына қосылды. Бүгінге құжаттары толық болмауына байланысты ішінара газға қосылмаған 47 үй қалып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасып, толық шешімін табатын болады,-деді аудан әкімі ӨКҚ алаңында өткен брифингте.

Leave A Reply

Your email address will not be published.