Жамбылдық өрендер республикалық байқауда топ жарды

0 1

Ауыл мектептеріне арналған Республикалық «IQanat» олимпиадасы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Аталған олимпиадаға Жамбыл облысынан 40 оқушы қатысты. Сайыс нәтижесі бойынша Қордай ауданы, №51 орта мектебінің оқушысы Никита Агафонов физика пәнінен жүлделі бірінші орынды иеленді. Жеңімпаз «IQanat» Білім беру қоры дипломы және бағалы сыйлықтармен марапатталды, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Сонымен қатар, «IQanat Kazakh-English High School» мектебінде тегін оқу үшін іріктеу жүргізілді. Бурабайда орналасқан мектепте Жамбылдық 11 оқушы грантты жеңіп алып, 2022-2023 оқу жылынан бастап білім алатын болады. Қазіргі таңда олар Сүлеймен Демирел Университетінің базасында 5 күндік дайындық сабақтарына қатысуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.