«Қарапайым заттар экономикасы»: Жамбыл облысында 75 млрд теңгеге 177 жоба мақұлданды

0 4

Жамбыл облысында 75 млрд теңгеге 177 жоба мақұлданды.  Аймақтағы несие алған  ірі субъектілердің бірі гофрирленген картон, қағаз және картон ыдыстарын өндірумен айналысатын «KazStoneBox» ЖШС компаниясы. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасы аталған компанияны толық сүйемелдеді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«KazStoneBox» ЖШС Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан, арнайы экологиялық гофрленген картон мен дайын қаптама шығарумен айналысады .

«Бүгінгі таңда гофротараны алудың баламалы тәсілдері өте өзекті болып отыр, сондықтан біз әктасты тастан қаптама тарасын дайындауға қызығушылық таныттық. Гофрленген картон өндірісі 75%-ға кальций карбонатынан және 25%-ға полимерлер қосылған уытты емес шайырдан тұрады. Гофрокартон өндірудің бұл технологиясы жаңа буынның озық технологияларын, ноу-хауды қолдана отырып бірегей жоба болып табылады. Посткеңестік кеңістікте аналогы жоқ», — дейді «KazStoneBox»  ЖШС директоры Берік Үмітқалиев.

Жоба индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай жобаларының тізбесіне кіреді. Көлемін қырық тоннаға дейін ұлғайтуды мақсаты бар экологиялық таза өндіріс, 160 адамға дейін жаңа жұмыс орындарын құру, жергілікті және республикалық бюджеттерге салық аударымдарын елеулі толықтырмақ ниетте.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Даму «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 1,7 млрд теңге сомаға компанияның өтінімін мақұлдады және «Forte Bank» АҚ арқылы біз ақша алдық. Өз кезегінде, Өңірлік палата біздің жобамызды толық сүйемелдеді. Ақша жабдықтарды төлеуге, құрылыс және монтаждау жұмыстарына жұмсалды. Қазіргі уақытта минералды шикізатты ұсақтау және ұнтақтау желісі үшін ғимарат салу бойынша жұмыс жалғасып, шикізат пен дайын өнімге арналған қойма үй-жайлары салынып жатыр. Толық циклды зауытты 2022 жылдың басында іске қосуды жоспарлап отырмыз», — деп бөлісті зауыт директоры.

Зауыттың заманауи жабдықтары тұтынушылардың тапсырысы бойынша буып-түю ыдысының барлық түрлері мен нысандарын шығаруға мүмкіндік береді. Қазақстанда және көрші мемлекеттерде буып-түю материалдарының өткір тапшылығы өнімнің кепілді өткізілуін қамтамасыз етпек. Сондай-ақ, осы тауардың импортына тәуелділікті төмендетуге ықпал етеді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының арқасында 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жамбылдық 177 компания жетпіс бес миллиардқа қаржылық қолдау сезінді. 3058 жұмыс орнын құру жоспарлануда, ал салық төлемдері 20 млрд теңгеден асады деген болжам бар. Бұл туралы Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Нағима Молдахметова айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.