Юрий Ильин төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды

0
55

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрін тағайындады, деп хабарлайды “ZhambylNews” AA Ақордаға сілтеме жасап.

«Юрий Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалсын», — деп жазылған жарлық мәтінінде.
Ильин бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары болған. Ол төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтер мәселесімен айналысты.

Юрий Ильин туралы не білеміз

Юрий Ильин 1968 жылы Куйбышев қаласында туған.

1989 жылы Алматы жоғары жалпы әскери училищесін, ал 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік заң академиясын тәмамдады.

Әртүрлі жылдары Алматы облыстық төтенше жағдайлар басқармасы оқу дайындығы орталығының аға офицері, Алматы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы, басшының орынбасары қызметтерін атқарды.

2005-2011 жылдары Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары болды.

2011-2013 жылдары Алматы қаласы мобилизациялық дайындық, азаматтық қорғаныс, апаттар мен табиғи апаттарды жою басқармасын басқарды.

2013-2015 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2015-2016 жылдары – президент әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2016 жылдың сәуірінен бүгінге дейін ішкі істер министрінің орынбасары болды.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған. 2020 жылдың мамырынан бері генерал-майор атағы бар.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы халыққа жолдауында төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажеттігін айтқан болатын. Оған сәйкес, мемлекет басшысының жарлығымен төтенше жағдайлар министрлігі құрылды. Жаңа ведомствоға Ішкі істер министрлігінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру саласындағы қызметі берілді.

Үкіметке президент әкімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар мен жаңадан құрылған төтенше жағдайлар министрлігі, сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың арасында штат санын қайта бөлу тапсырылды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here