Нұрлан Еспановтың ұлы депутаттыққа үмітті

0
569

Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов «Нұр Отан» партиясының атынан депутат болуға үміткер ретінде праймеризге қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме берген zhambylnews.kz

Медеу ауданының атынан қатысқан Олжас Еспанов осы уақытқа дейін жасап жүрген қайырымдылық шараларын ескере отырып, халыққа депутат ретінде көмек көрсетуді жалғастырмақ. 

«2020 жылы еріктілер болып екі негізгі қайырымдылық шарасымен айналыстық. Бірінші Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға қаржылай қолдау көрсетілді. Оған қоса, осы пандемия уақытында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қажетті сақтық құралдары мен азық-түлік тарату арқылы көмек көрсеткен болатынбыз», — деп өзі жасаған қайырымдылық шараларымен бөлісті. 

Олжас Еспанов қайырымдылықты медиа арқылы дамыту талаптарын ұсынды. Оның сөзінше, тұрғынардың мәселесін шешу үшін бірнеше адам бірлесе отырып әрекет жасауы керек. 

«Осы және өзге де қайырымдылық шараларын ескере отырып, жалғыз өзіме желі арқылы жұмыс жасау жеткіліксіз деп ойлаймын. Қаламыздың тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу үшін халықтың таңдаулы азаматы ретінде жұмыс жасағанды жөн деп есептеймін. Тұрғындардың медиа сауаттылығын көтеру арқылы, қайрымдылықты дамытқым келеді. Сонымен қатар, халықтың мәселелерін билік өкілдерімен, жергілікті мемлекеттік органдармен кездесулер өткізе отырып шешу. Әлеуметтік желі арқылы белсенді топтарды жұмылдыру мақсатын қойып отырмын», — деп бағдарламасын халықты назарына ұсынды. 

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here