Қанат Әуесбай «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

0 97

Тәуелсіздік мерекесіне орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігі белгілі журналист, Тараз түлегі Қанат Әуесбайды «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бұл төсбелгімен салада аса жоғары нәтижелерге қол жеткізген тұлғалар марапатталады.ӘУЕСБАЙДЫҢ Қанаты, «Atyraý» телерадиокомпаниясының директоры, Атырау мемлекеттік Халел Досмұхаммедұлы университетінің журналистика кафедрасының аға оқытушысы. ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңес мүшесі, Еуразия шығармашылық Гильдиясының мүшесі (Ұлыбритания, Лондон). БАҚ өкілдері арасынан «Болашақ» бағдарламасымен оқыған тұңғыш журналист. Шығыс Англия университетінің түлегі (Ұлыбритания, Норвич қаласы). Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері, БАҚ өкілдері арасындағы «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпазы, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Қазақ және ағылшын тіліндегі «Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзімен» кітабының авторы.

«ZhambylNews»  ақпарат агенттігінің ұжымы атынан жерлесімізді марапатымен құттықтап, шығармашылық зор табыс тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.