Жамбылдағы 407 мектепте жазғы лагерь жұмысын бастады

0 64

Жамбыл облысы бойынша 1- маусымнан бастап 407 мектеп жанындағы лагерьлер өз жұмысын бастады. Оған кез келген бала қатыса алады. Соынмен қтар, әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан 31 967 баланы қамту жоспарланып отыр. Сәйкесінше, ерекше білімді қажет ететін балалар да өзгелермен тең дәрежеде демала алады. Ол үшін барлық жағдайлар жасалған.
Тараз қаласындағы 1-мектеп гимназиясында ерекше мереке ұйымдастырылды. Ертегі кейіпкерлері балаларға көтеріңкі көңіл сыйлап, балалар әнұран айтып, лагерьдің салтанатты ашылуы өтті. Мұнда әр топ қалауына қарай, ағылшын тілі курсы, шебер қолдар және жоба таймс үйірмелеріне қатысады.
-Мектепте ерекше балалардың саны 170 болатын болса, бірінші кезеңде оның 20-сы қамтылып отыр. Ата-аналардың, мектептің, жалпы мемлекеттің қолдауымен әрбір ерекше білімді қажет ететін балаға педагог-асистенттер тағайындалған, дейді №32 орта мектеп директоры Гүлшат Қожатаева.
Жазғы сауықтыру лагерьіне ерекше білімді қажет ететін балалардың демалуына да жағдай жасалыпты. Олардың әрқайсысына педагогикалық ассисент қарастырылған.
Мұнда екі маусымда 220 оқушы келеді. Лагерьдегі экологиялық, спорттық-танымдық, тәрбиелік және әлеуметтік бағыттағы жобалардың балалардың жан-жақты дамуы үшін маңызы зор, дейді ата-аналар. Мұнда балалар түрлі спорттық жарыстарға, шығармашылық шеберлік сағаттарына қатысып, экскурсияға шығады.
-Мен бүгін өзімнің ерекше баламды лагерьге алып келдім. Өзі қатарлы балалармен бірге лагерьге келуіне биыл рұқсат берілді. Ол енді осы жерден өзіне жаңа достар тауып, солармен тең дәрежеде оқиды, жаңа нәрселерге үйренеді деп, өте қуанып отырмын. Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға осындай тамаша мүмкіндік беріп отырған мектеп ұжымына үлкен алғысымды білдіргім келеді,-дейді Екатерина Кабаева.
Жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды, татулық пен бірлікті дәріптеуді мақсат еткен мектеп ұжымы лагерьге «Достық» атауын беріпті.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.