Депутат подъезге атпен кірген адамды жазалауды ұсынды
Бейнекөрініс кәсіпкер, депутат Қайрат Құдайбергеннің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Видеода жабу жабылған жылқының баспалдақтардан қинала өткені көрінеді. Пост авторы «Мына адамды бір сөзбен атаңыздаршы. Қазақ үшін киелі жылқыны сонша қорлағаны үшін жауапқа тарту керек мұндай мисыз адамдарды.
Мына масқараны біреудің пәтерінде сүндет той болады деп жасаған» деген жазба қалдырды. Көпқабатты үйге жылқы кіргізгендерді де, оған тапсырыс бергендерді де желі оқырмандары сынап жатыр.