Келінді терезеден кіргізетін ырым бар ма?
Инстаграмм желісінде келген келінді терезеден кіргізген бейнежазба талқыға түсуде. Видеода сәукеле мен той көйлегін киген қызды терезе арқылы кіргізіп жатқаны көрінеді. Жанында тұрған әйелдер «терезеден оң аяғыңмен кір» деп дауыстауда.
Көйлегінің етегі көлемді келін терезеге қойылған тақтайға әрең шығып бара жатыр. Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінуде. Бірі қазақта мұндай ырымның болмағанын айтса, бірі үйге екі келін түскенде осындай ырым жасалатынын жазып жатыр. «Киіз үйде тұрған қазақтар біреуін есіктен, біреуін шаңырақтан түсірген бе сонда? Ойдан шығарып алған ырым мынау», «көпқабатты үйде тұрса кранмен шығара ма? » деп жазуда.