Таразда қалалық жұмыспен қамту орталығы мен пробация қызметі бірлескен іс-шаралар ұйымдастырды.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/4 мекемесінен босатылған сотталғандар Тараз қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы шеңберінде пробациялық қызметке тартылды. Мұндағы мақсат – түрмеден шыққан азаматтардың әлеуметтік қоршаған ортаға бейімделуіне, жұмыспен қамтылуына жағдай жасау. Құзырлы мекеме қызметкерлері іс-шара барысында бостандыққа шыққан азаматтарға қоршаған ортаның талаптарын бұзбау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
ЖД-158/4 мекемесінде жазасын өтеген 31.08.1993 жылы туылған сотталған Мақсат Анарбекке ЖД-15/4 мекемесінің САӘПТЖБ бастығының міндетін атқарушы әділет капитаны Ж. Бейсенбеков жаза мерзімінің аяқталғанын айтты. Аталған сотталушы мекемеде өздерін жақсы жағынан көрсетіп, көзге түскен. «Қақпа алдындағы кездесуде» мамандар бостандыққа шыққан азаматқа бос жұмыс орындарының тізімін таныстырды. Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыссыз ретінде тіркелу тәртібі мен жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларын түсіндірді. Ал Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Тараз қалалық №3 пробациялық бақылау инспекторы, әділет лейтенанты А.Тұран заңнама баптарын түсіндіріп, қайталанған құқық бұзушылыққа жол берген жағдайда қандай жауапкершілікке тартылатыны жөнінде атап көрсетті. Сондай-ақ, ПҚ-мен сотталғанның әлеуметтік қажеттіліктеріне байланысты жеке бағдарлама 3 жұмыс күні ішінде дайындалып, құзырлы мекемелерге көмек көрсету үшін жолданатыны айтылды.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы» 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №387 Жарлығын қолдануды жүзеге асыру үшін ел Үкіметінің кешенді стратегияны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Оның негізгілерінің бірі – нақ осы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруға көмектесетін, қоғамға бейімделуіне бағытталған «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы болып табылады.