Қаладағы кәсіпкерлік нысандардың көлік тұрағы заңмен реттеледі

0 2

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен өткен кеңесте ірі сауда орындары, банктер мен тойхана өкілдерімен автотұрақтарды абаттандыру және заңдастыру мәселесі талқыланды.

Қаладағы көптеген кәсіпкерлік нысандардың көлік тұрағы заң талаптарына сай келмейді. Енді әр нысан аумағында арнайы автотұрақ, кіреберіс-шығар жол, жол белгілері, жаяу жүргінші жолағы, жарықтандыру және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орын болуы міндеттеледі.

Қала әкімінің бұл талабы ескерусіз қалмады. Бүгінде кейбір сауда орталықтарында осы бағыттағы жұмыстар басталып, заманауи талаптарға сай автотұрақтар жасақталуда.

Егер кәсіпкерлер мемлекет меншігіндегі жерді пайдаланып отырса, оны өз қаражатынан абаттандырып, тиісті рұқсат алуы қажет.

Толық ақпаратты Тараз қаласы Сәулет және қала құрылысы бөлімінен 45-54-97 нөмірі арқылы білуге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.