Білім мекемелерінде «Бақытты отбасы-жарқын болашақ» шарасы ұйымдастырылды

0 3

Сарысу ауданындағы жалпы білім беретін мектептерде 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Бақытты отбасы – жарқын болашақ» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мектеп психологтарының ұйымдастыруымен оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен ашық диалог алаңы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ отбасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттыру. Диалог алаңы барысында қатысушылар отбасының қоғамдағы рөлі, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, жасөспірімдердің психологиялық саулығы және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері төңірегінде пікір алмасты.
Сонымен қатар, отбасындағы жанжалдардың алдын алу, агрессиясыз қарым-қатынас орнату, цифрлық қауіпсіздік пен интернет мәдениеті туралы пайдалы кеңестер берілді.
“Отбасымен 1 күн” отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, отбасы мүшелері арасындағы сыбайластықты нығайту және қоғамда мейірімділік пен бірлікті дәріптеу мақсатынада челлендждер түсірілсе,оқушылар арасында отбасы құндылықтарын дәріптеу және балалардың отбасы мүшелеріне деген құрметі мен ризашылығын арттыру мақсатында «Отбасыма алғыс» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында оқушылар ата-аналарына, ата-әжелеріне және жақындарына жүрекжарды алғыс сөздерін айтып, арнайы алғыс хаттар, тілектер мен шығармашылық жұмыстар дайындады.
Сонымен қатар, сынып сағаттары мен психологиялық тренинг элементтері арқылы отбасының адам өміріндегі маңызы, жанұядағы сыйластық пен қолдаудың рөлі түсіндірілді.
Іс шараға қамтылған педагогтер саны-446,ата-аналар саны-752,оқушылар саны-2300
2026 жылдың 15 мамыр күні жалпы білім беретін мектептерде 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Бақытты отбасы – жарқын болашақ» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.