Жамбыл облысында ерлі-зайыпты есірткі диллерлері ұсталды

0 0

Жамбыл облысында жүргізілген арнайы операция барысында 6 келі героин тәркіленді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты,  — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

«17 сәуір күні Жамбыл облыстық ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасы жүргізген ірі операция барысында героин таратудың ірі арнасы жойылды. 6 адам оның ішінде 2 ерлік-зайыпты есірткі диллерлері ұсталды», — деді департамент басшысы.

Оның айтуынша, операция барысында ведомстволық арнай жасақ бір уақытта әртүрлі 4 мекенжайды тінтіген.

«Ол мекенжайлардың әрқайсысынан есірткі заттары мен қылмыстық жолмен табылған ірі мөлшерде ақша табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы көлемі 6 келіні құрайды», — деді Алмас Садубаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.