Тараз қаласында 15 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр

0 9

Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте қала әкімі Рүстем Дәулет мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды “Zhambylnews” АА.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында өткен жылы  жалпы саны 955 пәтерді құрайтын 12 тұрғын үй пайдалануға берілген. Олар, «Арай» тұрғын алқабына 10 кредиттік және 1 әлеуметтік үй, «Қарасу» мөлтек ауданы 1 әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілсе, Сүлейменов көшесі бойындағы 80 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрлылысы өткен жылы басталып, ағымдағы жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, алдағы уақытта «Арай» тұрғын алқабындағы 80 пәтерлі 1 тұрғын үй мен «Бәйтерек»  мөлтек ауданында 100 және 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Тағы айта кетерлігі, жоспарға сәйкес, Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапқа 205 гектар жер теліміне жеке құрылысшылар тарапынан несиеге берілетін сәулетті коттедждік үйлердің құрылысы жүргізілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.