Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы Рахия Сейтбекқызы айтты, – деп хабарлайды “Zhambylnews” АА.
2017-2018 оқу жылында облыстағы 362 жалпы беретін орта мектептерді 9609 оқушы бітіргелі отыр. Оның ішінде 7370-і қазақ тілінде, 2215-і орыс тілінде, 24-і өзбек тілінде бітіреді.
Сондай-ақ, мектеп бітірушілердің қатарында «Алтын белгі» төсбелгісіне 280 оқушы және 196 оқушы үздік аттестатқа үміткер.
Тағы бір айта кетерлігі, өткен жылы ҰБТ тапсыратын үміткерлер бейінді пәні бойынша тарих пәнінен тест тапсырса, биыл оның орнына дүниежүзі тарихынан тестілеуден өтеді.