Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған жарысқа тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар қатысты, — деп хабарлайды “Zhambylnews” AA.
Облыстық жекелей чемпионат 29-30 мамыр аралығында Тараз қаласы, «Тараз» орталық стадионында өтті.
Аталған чемпионатқа Тараз қаласы мен 5 ауданнан барлығы 21 спортшы қатысып, нәтижесінде тірек-қимыл аппараты зақымданғандар арасынана І орынды Джумабаев Мурат, Ағабаева Айнур иеленсе, көру қабілеті төмендер арасынан І орын Шәміл Ришатқа және Игиликова Мадинаға бұйырды.